ҚЫЗЫЛОРДА ХАЛҚЫ НАУРЫЗДЫ ЕРЕКШЕ ТОЙЛАМАҚ
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда халқы биылғы Наурыз мейрамын ерекше тойламақ. Қала басшылары мерекелік шаралардың жоспарын бекітіп те қойған. 14-22 наурыз аралығындағы әр күнге айшықты басымдық беріліп, түрлі әлеуметтік-мәдени шаралар жаңа сипатта атқарылғалы жатыр. Мереке кезінде орталық алаңда 30-ға жуық киіз үй тігіледі деп жоспарлануда.
Бекітілген 9 тақырыптық бағыттар бойынша 14 наурыздан бастап қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде 100-ге жуық мерекелік шара өткізіледі. 22-наурыз күні алаңда ұлттық ойын түрлерінен жарыстар, қолөнер шеберлері мен «ЭКСПО-2017» көрмелері ұйымдастырылады.
16 наурызға «Жан шуағы», «Көктем мейірімі» атауы беріліп, Қарттар үйінде, облыстық балалар ауруханасында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
- Мереке күні орталық алаңға 14 тайқазан қойылып, 14 келіншек наурыз көже әзірлейді. Сондай-ақ, 7 балаға «Айдар кесу рәсімі» жасалады. Биылғы «НАУРЫЗ-2017» мерекесінің басты ерекшеліктерінің бірі Халықаралық Түркісой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған қаламызға 40-қа жуық дәстүрлі өнер өкілдерінің делегациясы келеді. Делегация құрамындағы Түркітілдес елдер өкілдері мен жергілікті өнерпаздар ұлттық–этнографиялық тақырыптағы концерттік бағдарламасын халыққа ұсынады деп күтілуде, - дейді қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов.
Фариза Омарова, «oldkaz.kyzylorda-news.kz».