КӨРКЕМ УАҒЫЗ КӨПТІ ҰЙЫТАДЫ
Облыс имамдарының көркем уағыз айту және шешендік қабілетін арттыру мақсатында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі - орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті арнайы семинар – тренинг ұйымдастырды.
Имамдарға арналған семинар-тренингті Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы Мұрат Әбзелбаев жүргізді.
Семинарда имамдардың халық алдында өзін-өзі ұстауы, дұрыс сөйлеуі, ойдың жинақы болуы, сөздің анық шығуы, уағызды дұрыс жеткізе алуы секілді біршама мәселелер қозғалып, маман тарапынан тренинг жүргізіліп, әдіс-тәсілдері айтылды.
Алла Тағала «Ниса» сүресінің 63-аятында: «...Оларға үгіт бер де, әсерлі сөз сөйле» деп айтқан. Имамдардың әсерлі сөз айтып, нәтижелі үгіт жүргізуі үшін аталмыш шешерлік сабағының берері мол болды.