КЕЙБІР ПӘНДЕР АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАДЫ
Қызылорда облысында KATEV халықаралық қорының қолдауымен 2015-2016 оқу жылынан бастап М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде ағылшын тілін меңгерген физика, математика, информатика пәндерінің мұғалімдерін даярлау пилоттық жобасы республикада алғашқы болып енгізілді. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша колледждің 1-2 курсында 150 студент білім алуда. Колледжді 2018-2019 оқу жылы бітірген алғашқы 75 түлек мектеп-лицейлерде ағылшын тілінде дәріс беретін болады. Бұл тәжірибе басқа мектептерде де бірте-бірте таратылады.
- Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында білім беру жүйесінің рөлін өзгертуді меңзейді. Соның ішінде білім беруде қазақ тілінің басымдығын сақтай отырып, қала мен ауыл мектептеріндегі білім беру сапасы, білікті педагогтардың жетіспеушілігін ескеріп 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңімен енгізудің қажеттілігін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік жекеменшік әріптестікті мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту бағытында облыста атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Елбасының бастамасы бойынша 2017 жылдан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы іске асырыла бастады. Жолдауда тегін оқытуды ең алдымен жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтып отырған жастар сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар алуы тиіс екендігі айтылды, - дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев.
Басқарма басшысы Елбасы Жолдауында аталған бағыттар бойынша облыстағы білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Фариза ОМАРОВА, «oldkaz.kyzylorda-news.kz»
Басқарма басшысы Елбасы Жолдауында аталған бағыттар бойынша облыстағы білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Фариза ОМАРОВА, «oldkaz.kyzylorda-news.kz»