АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ!
Қызылордалық полицейлер бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің алдын алу, алаяқтық қылмыстарының жолын кесу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіп, есепті мерзімде алаяқтық жасаған 2 қала тұрғынын құрықтады.
Атап айтқанда, 7 наурызда полицияға 23 жастағы қала тұрғыны шағымданады. Жәбірленушінің айтуынша, Ж.А. есімді азамат жоғары жалақы алатын жұмысқа орналасуға көмектеспек болған. Өз қызметін 150 000 теңгеге бағалаған ол ақшаны алғанмен, уәдесінде тұрмаған. Осы іске қатысы бар күдікпен полицейлер 30 жастағы азаматты қолға түсірді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, соңғы уақыттарда құндыз тондарды сату, сатып алуға қатысты алаяқтық фактілері көбеюде. Мәселен, 27 ақпанда Н.Ж. есімді азаматша 50 жастағы қала тұрғынының құндыз тонын сатып алуға келісіп, отбасымен ақылдасу үшін үйіне алып кетеді. Алайда жәбірленушінің сенімін теріс пайдаланып, 250 000 теңге тұратын құндыз тонын да, ақшасын да қайтармайды. 7 наурызда жәбірленуші ішкі істер басқармасына арызданады. Сол күні сезікті азаматшаның үстінен тағы 2 арыз келіп түседі. Барлық қылмыс бір жүйемен жасалғандығы, яғни екі жәбірленушінің де құндыз тондарын сатып алатынына сендіріп, бөтеннің меншігін заңсыз иемденіп кеткендігі анықталады. Біріне 200 000 теңге көлемінде, енді біріне 250 000 теңге материалдық шығын келтірілген. 3 факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, күдікті ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 2017 жылдың 2 айында облыс көлемінде 168 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 20,4 пайызға азайған. Тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдасақ, қарызға ақша немесе зат алып қайтармағандар – 34, несие алуға көмектесемін дегендер – 127, кезексіз жер алып беремін дегендер – 131, кезектен тыс үй алуға көмектесемін дегендер – 124, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырғандар саны – 71 болып отыр.