СЕЙСЕНБІ КҮНІ ЕЛ АУМАҚТАРЫН ТҰМАН БАСЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 14 наурыз күні республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстік өңірлерінде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте желмен бірге жаяу бұрқасын жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с артады, күндіз жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының жекелеген аумақтарында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұрқасын соғады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының жекелеген жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерін тұман басады.