«STOP-ТРАФИК» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Осы жылғы 13-15 наурыз аралығында республика көлемінде «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған. Бүгін адам саудасының жолын кесіп, осы бағыттағы қылмыстарды жедел анықтауды мақсат еткен шараға орай полиция қызметі мен арнайы қызмет түрлерінің күш-құрылымдары жұмылдырылды, деп хабарлайды ОІІД баспасөз қызметі.
Шара аясында жаңа туған нәрестелерді сату, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге, қайыр сұрауға мәжбүрлеу мен адамдарды тасымалдау, беру, жасыру фактілерін анықтау бағытында шаралар атқарылады.
ЖПІШ кезеңінде ойын-сауық орындарында, сауналарда, қонақ үйлерде, жалға берілетін пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтарында, фермерлік шаруашылықтарда және құрылыс нысандарында рейд жұмыстары жүргізіледі.