АСТАНАДА СИРИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
14-15 наурыз күндері Қазақстан астанасында Астана процесі шеңберінде Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кездесу өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті апталық шолу брифингінде ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.
– 14 наурызда алдын ала кеңесу жоспарлануда, ал 15 наурызда қатысушылардың пленарлық отырысы болады,-деді спикер.
Сондай-ақ, Мұрат Жұманбай Астана процесі шеңберінде Сирия дағдарысын реттеу бойынша алдында өткен кездесулер нәтижесін айтып өтті.
– Бұл жолы Сирияда соғыс амалдарын тоқтату режимін бақылау бойынша бірлескен жедел топ туралы ереже келісілген еді. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 (2015) қарарына сәйкес Женева процесінде саяси мәселелерді талқылауға көшуге жасалған қадам ретінде қарастырады,-деді ОКҚ ресми өкілі.
Сонымен қатар, дипломатиялық қатынастың 25 жылдығы шеңберінде 17 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрахим Рахимпурмен кездеседі.