«ТҰМАР» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛАДЫ
17 наурызда «Қазмедиа Орталығында» «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті апталық шолу брифингінде ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.
Жобаның негізгі мақсаты - тележурналистерді шығармашылық ізденіске ынталандырып, осы саланың дамуына серпін беру.
«Он екі номинация бойынша еліміздің барлық өңірлерінен 214 жұмыс келіп түсті. Байқау жұмыстарын бағалайтын топ құрамына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова, «ҚР Президенті телерадиокешені» АҚ Бас директоры Ерлан Бекхожин, тележүргізуші Аружан Саин, Қазақстан баспасөз клубының Президенті Әсел Қарауылова, сондай-ақ, танымал журналист Иманғали Нұртілеу бар»,-деді Мұрат Жұманбай.