ЖАҢА ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Болашақ энергиясы» атты облыс жастарының инновациялық жобалар жәрмеңкесі өтті.
Өнертапқыш жастардың жаңашыл жобаларына қолдау көрсетуді көздеген жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен аудандардан 30-дан астам өнертапқыш қатысты.
Көп жұмыстың арасынан С. Жиенқұлов атындағы «Байқоңыр» колледжінің оқытушысы Данагүл Амангелдиеваның «Магниттік жол» жобасы бірінші орынға лайық деп танылды. Ал Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары Еркебұлан Жақсылықов пен Динара Ниязова «Табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозиттер» жобасымен екінші орын алды. Үшінші орын қалалық өнер мектебінің оқытушысы Нүрия Мәкенованың «Өнер мектебі» жобасына берілді.