«ҚАЗАҚСТАН-ОРТАҚ ҮЙІМІЗ»
Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп лицейінде "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз " атты шара өткізілді.
Мектеп оқушыларымен кездесуге келген түрлі ұлт өкілдері еліміздің береке мен бірліктің арқасында өркен жайып отырғанын жеткізді. Жүз отыздан астам ұл өкіліне саялы мекен болған қазақ елі қазір татулықты қоғамның тіні етіп, талай мемлекетке үлгі болып отыр.
Жаңақорған аграрлы - техникалық колледж мұғалімі, түрік ұлтының өкілі Алихан Ахмедов бұл бағытта Елбасымыздың бастамашы болуымен талай игілікті іс жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.
– Өзге елде болып жатқан түрлі қиыншылықтарды көріп өзім тəуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. Қазір біздің мақсатымыз да, мүддеміз де бір. Ол Қазақ елінің қарыштап дамуы,-деді ол.