ТАТУЛЫҚ ТІНІ КЕЛІСІМДЕ
Жуырда «Перекресток» қоғамдық қоры дөңгелек үстел өткізіп, онда орта және жоғарғы оқу орындарында білім алатын жастар арасында этникааралық дүрдараздықты болдырмаудың жолы талқыланды.
Жергілікті ҮЕҰ жетекшілері мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары қатысқан жиында «Перекресток» қоғамдық қорының жетекшісі Алексей Куликов баяндама жасады.
Қор Қостанай қаласында орналасқан. Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынасты зерттеу арқылы, қоғам дамуына үлес қосуды көздеген ұйым «Этникааралық қарым-қатынас академиясы» жобасын жасап шығарыпты.
- Жоба мақсаты Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Қызылорда жастары арасында осы тақырыпқа орай ашық пікір алаңын ұйымдастыру, - дейді А. Куликов. – Оны жүзеге асыру аясында біз кешенді бағдарламалар топтастырылған жинақ шығардық.
Қор жетекшісінің айтуынша жобаны жасауға Қостанай қаласындағы оқу орындарының біріндегі жағдай себепші болыпты. Екі студенттің арасындағы келіспеушілік этникааралық дүрдараздыққа ұласып кетпеу үшін оқу орындарының басшылары жастармен әңгіме жүргізетін мамандарды шақыруға мәжбүр болған. А. Куликов бұл мәселеде оқу орындарында жастарға бағыт беретін мамандар жоқтың қасы екендігін айтады.
Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығы баспасөз қызметінің хабарлауынша қор осы бағытта Қазақстанның 5 қаласынан 30-ға жуық волонтер дайындаған.