КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ТАЛҚЫЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ОТЫРЫС ӨТТІ
Бүгін Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған республикалық бірыңғай күннің отырысы өтті. Шараға облыстық этномәдени бірлестіктің жетекшілері, белсенділері мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты.
Актив отырысын облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова жүргізді. «Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Үндеуін арнаған болатын. Онда президенттік өкілеттігінің кейбір функцияларын Үкімет пен Парламентке беру жөнінде ұсыныс айтып, конституциялық өзгерістердің уақыт талабы екенін атап өтті. Елбасы Үндеуді жан-жақты талдауға, жұмыс комиссиясына ұсыныстар беруге шақырды. Үндеуде ұсынылып отырған саяси өзгерістер болашағымызды тұғырлы, елдігімізді берік ететіні сөзсіз. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығының көрінісі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастыруда кездескен қиындықтарды еңсеру үшін қажет болды. Осының нәтижесінде қазіргі таңда көп жетістіктерге қол жеткізілді. Ұлт көшбасшысы осы жетістікпен тоқтап қалмай, саяси жүйені одан әрі демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұның өзі мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттырып, еліміздің әлем алдындағы б еделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз»,- деді
Өздеріңізге белгілі, Елбасы 26 қаңтар мен 26 ақпан күндері аралығында аталған саяси өзгерістерді халық назарына ұсынып, талқыға салуға тапсырма берген болатын. Белгіленген күннен бастап облыстық ассамблея да барлық құрылымдарының қатысуымен отырыстар ұйымдастырды. Аймағымыздың барлық аудандары мен елді мекендерінде, оқу орындарында, қоғамдық келісім кеңесінің ауылдық округ күндері аясында, кәсіпорындарда, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, партиялардың бастауыш ұйымдарында ұсынылған өзгерістер талқыланып, жалпыхалықтық қолдау тапты. Қоғамдық пікір жетекшілері, ғалымдар мен сарапшылардың бұл бағытта білдірген пікірлері мен ойлары Елбасы саясатымен ұштасатындығын көрсетті.
Республика бойынша бір айға созылған саяси пікір алысу алаңын қорытындылап, Елбасы Ата заңымыздың 23 баптарына өзгеріс енгізілетінін айтып, тегеурінді талқыға түскен 26 бап өзгеріссіз, ескі нұсқасында қалатынын мәлімдеген болатын.
Осыған орай, жиынға қатысушылар мемлекетті басқарудың жаңа моделі қалыптасып, Үкімет мен Парламенттің рөлі артатынын, соның негізінде, аймақтық деңгейдегі әкімшіліктердің де өкілеттілігі ұлғайып, халық алдындағы жауапкершілігі артып, елімізде демократиялық негіздердің орнығып, дамуына үлкен ықпал етеді деген ой-пікірлерін ортаға салды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі