ЕРТЕҢГЕ ӨРІС АШАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР
Конституциялық реформаны талқылауға арналған жиын «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де өтті. БАҚ өкілдері бас қосқан жиынды серіктестік бас директорының орынбасары Марат Аралбаев ашты.
Марат Жайылханұлы өз сөзінде еліміз қоғамдық қатынастардың дамуына қарай кезең-кезеңмен ілгері басып келе жатқандығын атап өтті. Бұл өзгеріс Қазақстанды жаңа саяси тұрпаттағы елге айналдырудың бастамасы екендігін жеткізді.
Конституциядағы өзгерістерге байланысты пікір білдірген «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығының жетекшісі, саяси ғылымдар кандидаты Сәулет Сахиев басқа елдердегі осындай тәжірибеге талдау жасады. Үкіметті жасақтауды Парламентке тапсыру көптеген өркениетті елдерде бар. Біздегі конституциялық түзетулер де мемлекет пен қоғамның тарихи даму қисынына сай келеді. Өзгерістерге қатысты қысқаша сараптамасында саясаттанушы біздің еліміздегідей Президент өкілеттілігін кең көлемде беру көп мемлекеттерде кездесе бермейтінін де атап өтті.
Конституциялық өзгерістерді талқылаған жиында облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары Қаныбек Әбдуов пен бірқатар басылымдар тілшілері өз пікірлерін білдірді.