ДАРЫНДЫНЫҢ ЖОЛЫ ДАҢҒЫЛ
Білім берудің ұлттық моделін қалыптастырудың басым бағыты – мемлекеттік басқару мен экономика, ғылым мен өнерде интелектуалды жастар легін қалыптастыру.
1998 жылы қабылданған «Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің өкіміне сәйкес елімізде «Дарын» республикалық ғылыми – тәжірибелік орталық құрылды. Жаңа орталық дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау мен мүмкіндігін кеңейтуге негіз қалады.
Біздің аймақта да облыстық білім басқармасының "Дарын" ғылыми практикалық орталығы жұмыс істеуде. Еліміздің интелектуалдық әлеуетін көтеруді көздейтін орталық аймақтағы мектеп оқушыларының республикалық, халықаралық олимпиадалар мен интелектуалды ойын - конкурстарға әзірлігіне барынша үлес қосып келеді.
Оқушылар да түрлі жарыстардан олжалы оралып, аймақ абыройын арттыруда. Осы жылғы қаңтар айында Алматы қаласында өткен мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасына облыс орталығындағы № 9 білім-инновациялық лицейінен Анарбай Қуаныш пен Сейітқали Ұлан қатысты. Осы лицейде Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан халықаралық конкурсына іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу кезеңіне жалпы саны 16 оқушы қатысып, 8 оқушы қорытынды кезеңіне ұсынылды.
Дэджон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми конкурсына Жансая Әбдінағи, Дінмұхамед Дәуленов, Шолпан Құланбай , Дінмұхаммед Ақпан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
2017 жылдың 14-17 ақпан аралығында Алматы облысы, «Алатау» шипажайы базасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Осы конкурсқа облысымыздан 20 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды.