МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ НАСИХАТТАУ
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы мемлекеттік рәміздеріміз Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның қабылданғанына 25 жыл толады. Бұл елдікті және егемендікті айқындайтын айтулы дата. Сондықтан осы мерекелер аясында облыстар, Астана, Алматы қаласы белгілі бір іс-шаралар, жұмыстар жүргізуі қажет. Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын мерекелеудің басты мақсаты -Мәңгілік ел мұраттарын, қазақстандық патриотизмді насихаттау, өскелең ұрпақты Тәуелсіздікті қорғауға тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар комиссия жұмысына ведомстволық награда бойынша ұсыныс бар», - деді комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы.
Отырыс барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуат Уәлиевтің ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша жоспарланған іс-шаралары туралы ақпараты тыңдалып, ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың «Ел қорғаны» ведомстволық наградасын бекіту ұсынысы қаралды.
Гүлшара Әбдіқалықова отырыс қорытындысында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді.