«КӨКТЕМ-2017» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Бейсенбі күні облыс аумағында «2017 жылғы көктемгі су тасқынында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем–2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
«Көктем-2017» РКШОЖ ұйымдастыруға ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы», өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі, Апат медициналық орталығы бригадасы, сондай-ақ жергілікті АҚ және ТЖ құрылымдары, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, ҚР Ұлттық ұланы №5547 әскери бөлімі, облыстық, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою комиссиясының төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік органдар және аудан әкімшілігі өкілдері қатыстырылды. Оқу-жаттығу барысында көктемгі су тасқыны уақытында күштер мен құралдардың, сондай-ақ, гидротехникалық құрылғылардың, көліктік коммуникациялардың, құлақтандыру жүйесінің төтенше жағдайларға әрекет етуі тексерілді.
Су тасу кезеңіне дайындық және оқу-жаттығу үшін су басу қаупі бар аумақтардың, су өткізу орындарының, селге қарсы және басқа да инженерлік құрылғы қорғанысының, суда жүзу құралдарының саны нақтыланды. Жанар-жағар май, азық-түлік, дәрі-дәрмек, палаткалар қоры толықтырылды. Аудандық және облыстық әкімшіліктерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Өзеннің ағысы тұрақты бақылауда болды. Гидротехникалық нысандардың жағдайы тексерілді, су өткізетін құрылғылардың, жолдардың қоқыстан тазартылуы қадағаланды.
Оқу-жаттығу барысында Астана даңғылында Қызылорда облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетовтің қатысуымен облыстық азаматтық қорғаныс және авариялық құтқару құрылымдары және күш-құралдарының дайындығы тексерілді.
Жалағаш ауданында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің қатысуымен аудандық азаматтық қорғаныс және авариялық құтқару құрылымдары және күш-құралдарының дайындығын қарау өткізілді.
Екінші кезеңде құтқару және басқа да кезек күттірмес жұмыстардың жүргізілуі тәжірибе жүзінде сыналды. Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде авариялық құтқару құрылымдары мен күш-құралдарының дайындығын шыңдау мақсатында арнайы тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару бөлімшелерінен 20 әрекет ету құрылымдарын, оның ішінде 250 адам мен 61 техника бірлігін құрды. Олар су басу қаупі бар елді мекендерде әрекет ету үшін дайындықта болды.
Ал бүгін облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің төрағалығымен аудан әкімдерін және облыстық басқарма, департамент басшыларын қатысуымен жедел кеңес өткізілді. Онда шара қорытындыланып, облыс әкімінің орынбасары – облыстағы оқу-жаттығудың басшысы С.Сүлейменов шартты төтенше жағдайды жою іс-шаралары кезінде жедел іс-әрекет жасай білген салалар жұмысына оң бағасын берді.