ЭЛЕКТР СЫМЫН ҰРЛАҒАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде орналасқан электр сымдарын ұрлап жүрген 26 жастағы азаматтың ұсталғандығын хабарлайды.
Сезікті Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің жертөлесі арқылы кіріп, 100 метр кабель тоқ сымдарын ұрлаған, тағы бірде Арай мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйдің жертөлесіндегі 150 метрлік сымды қолды еткені анықталған. Сезікті С.Бейбарыс көшесіндегі үйден 50 метрлік сымды ұрлағанын да мойындады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезіктінің басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.