ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПАРТИЯЛЫҚТАР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қызылордалық нұротандықтар партияның «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.
Салтанатты шараны облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып, ақжолтай тілегін білдірді.
Ол өз сөзінде «Нұр Отан» партиясы отбасын қоғам құндылықтарын сақтаудың маңызды институты ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті. Ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері отбасында қалыптасады.
«Осы орайда ерекше қажеттілікті керек ететін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған Сіздерге облыстық партия филиалы атынан шынайы алғысымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен саулық, балаларыңызға жарқын болашақ тілеймін»-деді Ибадулла Дүйсенбайұлы.
Іс-шара барысында Жұмакүл Алпамысова, Аида Ақбаева секілді көпбалалы аналар сөз алып, «Нұр Отан» партиясы тарапынан мүмкіндігі шектеулі балғындар үшін жасалып отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді.