ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАР ЖАУЫП, КҮН СУЫТАДЫ
Қазақстанның солтүстік жартысында аууа температурасы төмендеп, қар жауады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, таяу күндері республиканың басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады, солтүстік бағытта 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде сынап бағанасы 3-12 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Тек еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады деп болжанған, алайда таулы аудандарда қар жаууы ықтимал. Атап айтсақ, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі деп болжануда. Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Бұған қоса, Батыс Алтайдың (Бұқтырма, Оба, Үлбі) жекелеген өзендерінде жауын-шашынға байланысты су деңгейі көтеріледі.