АСТАНАДА ТҰРҒЫНДАР КӨЛІКТЕРІН ТАРТЫП АЛЫП ЖҮРГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ
Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында азаматтардың автокөліктерін ашық түрде иемденіп кетіп жүрген қылмыстық топ өкілдерін құрықтады. Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қалалық ішкі істер департаментіне Ж. атты азамат 4-наурызда Пушкин көшесінің бойында белгісіз адамдардың күш қолдана отырып, өзінің «Toyota Corolla» көлігін алып кеткендігі жөнінде шағымданған болатын.
Полиция қызметкерлері тарапынан қолға алынған шұғыл әрекет ету шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 30 жастағы 3 тұрғынын күдікті ретінде ұстап, қолды болған «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тәркіледі. Осы топтың ағымдағы жылдың ақпан айының соңында жәл осындай қылмыс жасағаны анықталып отыр.