ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰМАН МЕН БҰРҚАСЫН КҮТІЛЕДІ
Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, 10 наурыз күні кей жерлерде қар жауып, оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірлерде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасынмен бірге жел соғады.
Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Қарағанды, Павлодар облыстарында 15-20 м/с екпіндегі желге жаяу бұрқасын қосылады, Қарағанды облысында сондай-ақ тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, түнде және таңертең тұман болады.