ДӨРЕКІЛІК ТАНЫТҚАНЫ ҮШІН СӨГІС АЛДЫ
Елорда әкімдігінде Татьяна Наношкинаның 7 наурызда №64 бағыттағы автобуста орын алған жағдайға қатысты өтініші қаралып, «№ 7 автопарк» ЖШС басшылығы жүргізуші М. Мырзахметовке және кондуктор К. Өмешоваға сөгіс жариялады. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады.
Жалпы Астана әкімдігі жолаушыларға қызмет көрсету сапасына, сервис деңгейіне және жүргізушілер мен кондукторлардың тәртібіне баса назар аударады. Бұған үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында өткізілген көлік мәселелері жөніндегі қоғамдық тыңдау дәлел болады. Шара барысында халыққа қызмет көрсету мәселелері мен оларды шешу бойынша міндеттер атап көрсетілді. Осыған байланысты, бүгін Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Б. Игенбердиновтың жетекшілігімен қабылданып жатқан шараларды талдау бойынша жиын өткізіледі. Оған барлық автобус парктерінің басшылары қатысады.
Жиында автобус жүргізушілерінің маршрутта аралықты сақтамайтындығы, жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатындығы және халыққа қызмет көрсету деңгейінің төмендігі талқыланады.
Жиында автобус жүргізушілерінің маршрутта аралықты сақтамайтындығы, жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатындығы және халыққа қызмет көрсету деңгейінің төмендігі талқыланады.