СЕНАТОР КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЙЫНДА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Конституция жобасына енгізілген өзгерістер жайлы түсініктеме берді.
«Елбасы Парламентке Конституцияның 19 бабына 26 түзету енгізуді көздеген заң жобасын ұсынды. Екінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда депутаттардан заң жобасы өз қолдауын тапты»,-деді Серік Ақылбай.
Оның айтуынша, Палатаның бірлескен отырысында Парламент депутаттары тарапынан бірнеше ұсыныстар енгізілді. Яғни, Парламент палаталарының тұрақты комитеттерінен қолданыстағы Конституцияның бірқатар нормасына барлығы 26 түзету келіп түскен. Олардың барлығы арнайы құрылған Бірлескен комиссияда жан-жақты қаралды.
Комиссия өз жұмысының қорытындысы бойынша Конституцияның 6 бабына (4,10,39,41,55,74 баптары) қосымша түзетулерді қабылдады. Аталған ұсыныстар екінші оқылымда депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Сондай-ақ, Серік Ақылбай 6 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын екінші оқылымда қабылдағанын жеткізді.