ВАГОНДАРДЫҢ РЕЛЬСТЕН ШЫҒУЫНАН ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ КЕШІГУДЕ
Ақтөбе облысында вагондардың рельстен шығып кетуінен жолаушылар пойыздары кестеден кешігіп келуде. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Компания дерегінше бүгін таңғы сағат 9-дан 43 минут кеткенде Ақтөбе облысы аумағындағы Қарауылкелді разъезінде № 2201жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіпті. Оған № 52629003 вагонның бүйірлік рамасындағы сынық себеп болған.
Бұл оқиға Маңғыстау - Ақтөбе, Атырау - Алматы және Астана – Атырау бағытындағы жолааушылар пойызының кестеден кешігіп келуіне себеп болып отыр. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қандыағаш, Мақат стансаларынан мамандар мен техника тартылған.