МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЭКСПО-2017 НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары «Астана ЭКСПО-2017» нысандарын аралады. Парламент мүшелері Қазақстанның ұлттық павильоны, Конгресс Орталығы, халықаралық павильон, энергия зерттеу орталығын көрді.
Кездесу барысында АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Мәжіліс депутаттарына көрмені ұйымдастыру жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді. 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындарын мақұлдады, 109 мемлекетпен қатысу келісімшарты жасалды. Қазіргі уақытта қатысушы мемлекеттердің ұлттық павильондары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық облыс орталықтарында ресми билет кассалары өз жұмыстарын бастайды.
Кездесу соңында Ахметжан Есімов және ұлттық компания департамент басшылары қонақтардың арнайы билет бағдарламасы, келушілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмек жайлы сауалдарына жауап берді.