КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС КОНСТИТУЦИЯДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАДЫ
Бүгін «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жария етілді. Бұл туралы ҚР Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
6 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті аталған Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде Конституцияда белгіленген құндылықтарға Республика қызметінің түбегейлі принциптеріне, басқару нысанына сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдаған еді.
«Конституциялық Кеңес өз шешімінде 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Ресубликасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде Республиканың конституциялық құндылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне және басқару нысанына сәйкес келеді деп қаулы етті»,– делінген Конституциялық кеңестің ресми сайтында.