ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІН ТІРКЕУ ПРОЦЕСІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Бүгін Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Б.Кесебаева «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында департаменттің ағымдағы жылдың соңғы 9 айының қорытынды жұмыстарымен таныстырды.
Әділет департаментінің есептік көрсеткішіне сүйенсек 746 заңды тұлға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға артық болып отыр.
«Электрондық үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда 2011 жылдан бастап азаматтық заң актілерін тіркеудің 7 түрі бойынша электронды түрде тіркеу жүзеге асырылуда. Осы жылдың қыркүйегіне дейін 26015 азаматтық хал актілері, 32292 жылжымайтын мүлік тіркелген.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы бойынша 8 субъекті тексеріліп, 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар қозғалған. 16 адам сотпен әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Нотариат саласындағы басты өзгеріс нотариустардың санын квоталау яғни шектеу жүйесі алынып тасталды. Осының нәтижесінде, облыстағы нотариустар саны 39-ға артып, бүгінде олардың саны 106-ға жетті.
Брифингте Әділет департаментінің басшысы шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу процесі жеңілдетіліп, электронды Үкімет порталы арқылы электронды тіркеу іске асырылып жатқандығы туралы мәлімдеді. Мұнымен қоса негізгі 6 сала бойынша: Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы бойынша, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бойынша, нотариат саласындағы электрондық қызметтің жаңа түрлері, сондай-ақ заңнамалардағы өзгерістермен хабардар етті. Тілшілердің қойған сұрақтарының барлығына нақты жауаптар берілді.
Фариза ОМАРОВА