ҚЫТАЙ БАЙКАЛДАН СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУДЫ ҰСЫНДЫ
Қытайдағы қала мен елдімекендер сәулетін жоспарлаумен айналысатын институт ғалымдары Байкалдан Ланьчжоу қаласына су құбырын тартуды ұсынып отыр. Олар осы арқылы Ганьсу аймағындағы құрғақшылық пен су жетіспеушілігі мәселесін шешпек. Бұл туралы Gizmodo агенттігі хабарлап отыр.
Мамандар пікірінше, құрғақшылық осы өңірдің дамуына тежеу болып отыр. Жыл сайын құрғап бара жатқан Гансьуға былтыр бар болғаны 380 миллиметр жауын-шашын түскен. Ал ұзындығы 1720 шақырым болатын су құбыры Қытайдың солтүстік-батысының өркендеуіне сеп болмақ. Жоба бойынша су құбыры Тибет қыраты мен Гоби шөлінің арасынан өтеді.
Бірақ Қытай жобасын Ресей ғалымдары құр қиялға балап отыр. «Бұл өте қымбат және экономикалық жағынан өз-өзін ақтамайтын бастама»,–дейді олар. Томск политехникалық университінің оқытушысы Степан Шварцев Ресей су қорын Қытайға сату керек деген пікірде.
Айта кетейік, Байкал Шығыс Сібірдегі таза сулы ең үлкен көлдің бірі. Ал Жер жүзі халқының 20 пайызы тұратын Қытайда таза су қоры небәрі 7-ақ пайыз болады. Мамандар пікірінше 2020 жылға қарай елдің солтүстігіндегі қалалар ауыз су тапшылығын сезінеді.