СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қызылорда облысында бүгінде Ұлы Отан соғысының көзі тірі 54 ардагері бар. Майдангерлер арасында бүгінде аман жүрген жалғыз әйел – Любовь Колесник. Мерекеде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері қарт жауынгерді құттықтап барды.
19 жасында әскерге алынған қайсар қыз Беларусь, Польша жерін азат етуге қатысқан. Алғы шеп жауынгерлеріне медициналық қызмет көрсеткен сырбойылық бойжеткен жеңісті Германияда қарсы алады. Елге оралғаннан кейін де ол табаны күректей 40 жыл теміржол ауруханасында еңбек етті. Қазір 92 жаста.
- Көктем шыға, мерекелік леп сезіледі. Шат-шадыман көңіл-күй, құтттықтаулар легі осыдан Жеңіс күніне дейін созылады. Қазір құлағым ауыр естиді, көз нашар көреді, жүріп-тұруым да қиын. Дегенмен кеудемді қуаныш кернеп тұр. Барлығына тек жақсылық тілеймін, соғыс біткен аулақ болсын,-деді отты жылдарда қолына қару алып, ел тыныштығын қорғаған жан.