ҚАЗАЛЫДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
Аудан экономикасын дамытуға үлес қосып отырған табысты жандар Қазалыда өткен іскер әйелдер форумында бас қосты. Халықаралық әйелдер күніне орай Қазалы аудандық әкімдігі мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі ұйймдастырған форумда әйелдер кәсіпкерлігінің аясын кеңейту, олардың бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуын жандандыру мәселелері сөз болды.
Іскерлер форумында аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев Қазалыда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар барысын баян етті. Бүгінде ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар 4173-ке жетсе, соның 43,6 пайызын әйелдер құрап отыр.
Форумда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілдері жеке іске капитал тарту мен орта және шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың тиімділігі жайлы кеңес берді.
Шарада нәзікжандылар өзара тәжірибе алмасып, жұмыстарын қорытындылады. Алда тұрған ортақ міндеттер туралы ой бөлісті.
Форум қорытындысында бір топ кәсіпкер марапаттталып, қонақтар назарына іскер әйелдер ұйымдастырған тауарлар көрмесі көрсетілді.