НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ 5 КҮН ДЕМАЛЫС БЕРІЛЕДІ
Наурыз мерекесіне орай ел тұрғындары үзіліссіз 19 наурыздан 23 наурызға дейін бес күн бойы демалады деп хабарлайды NUR.KZ.
Үкімет қаулысына сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды.
Осыған орай, қазақстандықтар 19, 20, 21, 22, 23 наурызда демалып, арасына 1 күн, яғни 24 наурызда жұмыс істейді де, 25, 26 наурыз сенбі, жексенбіге түскендіктен, тағы екі күн демалады.
Осыған орай, қазақстандықтар 19, 20, 21, 22, 23 наурызда демалып, арасына 1 күн, яғни 24 наурызда жұмыс істейді де, 25, 26 наурыз сенбі, жексенбіге түскендіктен, тағы екі күн демалады.