ӘЙЕЛДЕР ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясы азаматтары өздерімен бірге қызмет атқаратын қыз-келіншектер құрметіне салтанатты шара өткізді. Онда "ПетроҚазақстандағы үздік әйелдер" конкурсының қорытындысы шығарылып, нәзікжандыларға сый табыс етілді.
"Басшы әйел" номинациясы бойынша жабдықтау бөлімінің басшысы Фатима Ағымбаева жеңімпаз болса, "Отбасы ұйытқысы" сыйлығы Мәншүк Байбазароваға бұйырды. "Мамандыққа құрмет" аталымы жеңімпазы Сәуле Ниязбаева. Сондай-ақ, Анар Қапанова "Спорт ханшайымы", Гүлбаршын Өскелеңова мен Ғалия Қопағұлова "Сүйікті әже", Лола Ходжаназарова «Шебер қол», Дана Әбуова «Ең әдемі және тартымды», Лариса Цой «Жастар лидері» атанды.
Барлық қатысушылар диплом мен түрлі сыйлықтар иеленді. Олардың қатарында Айнұр Құрманбаева, Бақытгүл Есіркепова, Альбина Әлмағанбетова, Дина Ермекқараева, Бақыт Кенжебаева, Жанар Жарылқасынова, Галия Шембекова, Салтанат Есжанова, Сәрсенкүл Сыздықова, Айғаным Тажғалиева, Инна Ким, Гүлнұр Нұрсейітова, Айдана Көбенова, Салауат Иманқұлова, Нұршат Исмаxанбетова, Раушан Қаленова, Күміс Ибраева мен Салтанат Мұxамедәлиевалар болды.
Конкурсты ұйымдастыру ісіне атсалысқан Софья Даминова, Айкүміс Қосанова, Аида Бимырзаева және Оксана Черниковалардың атына да жылы лебіздер айтылды.