ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТІ
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық әйелдер күніне орай «Астана» мейрамханасында салтанатты қабылдау өткізді.
Мерекелік шараға 200 – ге жуық нәзікжанды қатысты. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық - мәдени орталықтардың мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүргендер бар.
Шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев жүрекжарды лебізін жеткізіп, салтанатты шараға қатысып, көңілге көктем сыйлаған жандарға алғысын айтты.
Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласында соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстарға, өңірімізде орын алған оң өзгерістерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізіп жатты.
Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйласа, бүлдіршіндер де аяулы жандарға әсем әндерін арнады.