АЛПЫСТАН АСҚАН ӘЖЕЙ ЖҮК КӨЛІГІН ЖҮРГІЗЕДІ
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында көлігі көптің қажетіне жараған кейуана тұрады. Алпысты алқымдаған кейуана аудандағы теміржол қоймасынан Ақтауға жүк тасымалдайды деп хабарлайды "Хабар 24".
Көлік тізгінін еркін басқаратын Несіпхан әжей қызметіне тиянақты. Жұмыстан қашпайды. Жолда бұзылып тұрған көлік жанынан өтіп кету де ол кісі үшін жат қылық.
Мереке күндері ел қатарлы демалудың орнына кейуана қызметіне шығады. Үйіне ертерек баруға сұранған жастардың орнын басатыны тағы бар. Ұжымында сыйлы қария әрбір мейрам сайын ерекше құрметке бөленіп жүр.
"Бұл кісіні біздің жүк бөлімшесінің анасы деп айтуға болады. 2007 жылдан бері бізбен бірге жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсетеді. Сапалы жұмыс көрсетіп, еңбек етіп жатыр. Қайраттылығымен, өзінің жауапкершілігімен жүк алып, жүк жіберушілердің алғысына ие болып жүрген адам", - дейді Маңғыстау теміржол бөлімшесі жүк қоймасының меңгерушісі Нұрия Нұрымова.
Пойыз кешіксе, Несіпхан әжей де жұмыста кідіреді. Тапсырыс берушіге жеткізетін жүгінің саны мен құжатының дұрыстығына көз жеткізіп алып, жолға шығады. Барған жерінде алғыстан кейін міндетті қойылар сұрақтардың болуына үйреніп алған.
"Үйде отырмайсың ба дейді, барлығы да сұрайды. Өзім жүріске үйреніп қалғанмын, үйде отыра алмаймын. Бір жағынан, денсаулық болған соң. Осы жұмысым жарайды, берекет берсін!", - дейді зейнеткер Несіпхан Садирова.
Жаңаөзеннен Мұнайлыға қоныс аударған әжей үш ұл мен қыз тәрбиелеп, ел қатарына қосты. Бүгінде алты немере сүйіп отырған кейуана қазыналы 70 жасқа көлік тізгінінде жүріп жетеріне сенімді.