ҚАЗАҚ ПЕН ЖЫЛҚЫНЫ ӘЛЕМ ТАНИ ТҮСЕДІ
Жылқы алғаш қолға үйретілген жер қазіргі Қазақстан
аумағы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз
мәслихатында канадалық режиссер және антрополог Найоби Томпсон
хабарлады. «Бұл деректі біз «EQUUS» атты деректі трилогия арқылы күллі
әлемге таратамыз. Трилогия Канаданың CBC, АҚШ - тың PBS, Германияның
ZDF, Францияның ARTE сияқты ірі хабар таратушы корпорацияларымен
орнатылған халықаралық әріптестіктің нәтижесі болып табылады», - деді
Найоби Томпсон.
Танымал антрополог мыңдаған жылдар бұрын
Қазақстан аумағында пайда болған жылқыны қолға үйрету мен үйрету
технологиясын адамзат тарихындағы алғашқы технологиялық революцияға
балап отыр. «Осы тарихи оқиғаны барша әлемге көрсетуге мүмкіндігіміз бар», - деді Найоби Томпсон.