ОБЛЫСТЫҚ СОТТА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Мерекелік шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Қайрат Адранов, алқа төрағасы, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, отставкадағы судьялар, облыстық соттың соттар әкімшісі басшылығы және бөлім басшылары, сот қызметкерлері қатысты.
Жиынға қатысушы әріптестерін мерекемен құттықтай келе Қайрат Адранов әйелдердің адамгершілік және мейірімділіктің айнасы екендігін атап өтті. Сот жүйесінің қалыптасып, одан әрі нығаюына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында күрделі, жауапты қызмет атқарып келе жатқан нәзікжандылардың еңбекте табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді.
Шара барысында сот әділдігін жүзеге асыруда жетістіктерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал да абыроймен атқарып сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар судьялар мен сот мамандары марапатталды.
Атап айтқанда, Қызылорда облыстық соты төрағасының Құрмет грамотасын Қызылорда облыстық сотының судьясы Клара Қаниева, Қармақшы аудандық сотының судьясы Лаура Әлібекова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы судьясы Салтанат Өмірсерікова иеленді. Ал, Қызылорда облыстық соты төрағасының Алғыс хаты Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы Оразкүл Қожаева, Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Сәрсенкүл Сейілге табысталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хатымен Қызылорда облыстық сотының судьялары Светлана Жуынтаева, Жанат Оспанова, Шолпан Маликова, Клара Қаниева, Гүлсім Таңатова, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Ысқақова, Қызылорда қалалық сотының судьясы Эльмира Ахметова, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова және бірқатар сот мамандары марапатталды.
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының Алғыс хатына Қызылорда облыстық сотының бас мамандары Айгүл Шадаева мен Гүлнар Сұлтанова, Қызылорда қалалық сотының бас маманы Нұрилә Дүйсенова лайық деп табылды.
Шара соңында нәзікжандылар туралы деректі фильм көрсетілді