ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қыз-келіншектер арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған апталық өткізуде, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі
Кеңес төрайымы Жанна Аманова ұйымдастырылып отырған апталық әйелдер үшін кәсіп бастаудың қыр-сырын үйренудің мүмкіндігі екенін жеткізді. Апталық барысында қыз-келіншектер кәсіпкерлік негіздерінің алғышарттарын үйренеді. Соның ішінде бухгалтерлік есеп-қисаптың қыр-сырын меңгеріп, балабақша, сұлулық салоны, медициналық клиника немесе кондитерлік бизнесті ашуды тәжірибесімен танысады.
Мұнымен қоса, апталыққа қатысушылар «Бизнес-кеңесші», «Бизнес өсу», «Жобалық оқыту», «Іскерлік байланыстар» бағдарламаларымен, сондай-ақ бизнесті қаржылай емес қолдау тетіктерімен танысты.
Айта кету керек, апталықты ұйымдастыруға облыстағы бизнес өкілдері белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.