АНА – БАҚЫТ, АНА – ӨМІР, АНА – ЖЫР
Қызылордадағы «Арнау Палас» мейрамханасында «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қоры «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының қолдауына сүйеніп халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай кеш өткізді.
Шарада қыз-келіншектерді «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қорының жетекшісі Рахима Ахметова құттықтап, «Өз ісінің кәсіби шебері» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылғандарды атап өтті. Бұл аталым бойынша қосымша білім беру орталығының директоры Гүлнәр Уәлиева, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы директорының орынбасары Айсұлу Қасымова және «Жанар» клиникасының директоры Үрмия Бейісова марапатталды.
«Атамекен» балалар ауылының директоры Лиза Ысқақова – «Балаға деген махаббат», көпбалалы ана Самал Асанова – «Сыр аналары», Қызылорда облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова – «Болашаққа деген үмітпен» номинацияларын иеленді.
Мерекелік кешті «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрініс толықтыра түсті. Кеш қонақтары мейрамхана фойесінде ұйымдастырылған қолөнер шеберлерінің көрмесін де тамашалады.