АУДАНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өткізілді. Шараға №7 өрт сөндіру бөлімі, «ОӨАЖҚЖ» ММ-мамандары мен техникасы қатыстырылып, аудан орталығындағы №35, 36 мектеп-лицейі және №210 орта мектептің 7-10 сынып оқушыларына арнайы техникалардың негізгі жұмысы түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушыларға өрт сөндіру және судан құтқару құрал-жабдықтары көрсетілді. Оқушылар өрт сөндірушілер мен сүңгуіршінің киімдерін киіп көріп, өздерін нағыз құтқарушы сезінді.
Сырдария ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімі
Сырдария ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімі