АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТЫЛ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен Платонова Мария Павловна биыл 89 жасқа толды. Ардагер 1963-83 жылдары өрт сөндіру саласында радиобайланысшы болып еңбек еткен.
8 наурыз мерекесі және туған күніне орай Мария Павловнаға Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев құттықтау хат пен сый-сияпат жіберді. Төтенше жағдайлар саласының құрметті ардагері Мария Павловна әріптестеріне және жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы