БҰРЫН СОТТЫ БОЛҒАН АЗАМАТТАРҒА АНЫҚТАМА БЕРІЛЕДІ
Қазақстанда бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған соттылығы жойылған немесе алынып тасталған азаматтар енді «соттылығы жоқ» деген анықтама ала алады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әлжан Құлманов мәлімдеді.
Аталған анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке құжаттарымен баруы тиіс. Сол жерде өтінішін толтырып немесе онлайн режимінде 3 минут уақыт ішінде алуға болады.
- 2016 жылғы 15 желтоқсанында №816 Үкіметтің қаулысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізіліміне өзгертулер енгізілді. ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы иуралы анықтама беру» жаңа көрсетілген мемлекеттік қызметі «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге» ауыстырылды. Осылайша, 2017 жылдың 2 тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соттылықтары жойылған немесе алынып тасталған азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алатын болды, - дейді Әлжан Беганұлы.
Фариза ОМАРОВА