АНА ДЕГЕН АЛТЫН ҚАЗЫҚ, АЛТЫН БАҚ
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі мерекелік салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, білім саласында елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналған өз құттықтауын жеткізді.
«Қазіргі таңда әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлесі өлшеусіз. Әсіресе, білім беру саласындағы әйелдер қауымының еңбектері ерен»-деді өз құттықтауында облыс әкімінің орынбасары.
Дүниені түлеткен көктем мерекесінде облыстық білім басқармасының басшысы Б. Сайлыбаев ән шырқап берді.
Салтанатты шара бұдан әрі марапаттау рәсіміне ұласып, ұстаз -әйелдер қауымына сый-сияпаттар жасалды.