ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
Елімізде соңғы жылдары қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілдері айтарлықтай көбейіп келеді. Солардың бірі қазалылық Әлішер Розметов.
Әлішер түркімен ұлтының өкілі. Әкесі Сапарбай Розметов теміржолсаласының зейнеткері болса, «Болат жолы» ауылдық емханасының қызметкері болып қызмет атқаратын анасы Айгүл Асқарова қазақ қызы. Апасы Алина Қарағанды қаласындағы педагогикалық колледжінің студенті, қарындасы Тамара Қызылорда қаласындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Әлішердің өзі Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп лицейінің 10 «А» сыныбының оқушысы.
Тіл білу – байлық. Ал Елбасы бастамашы болған үштұғырлы тілді меңгеру міндет.
Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт қазақтың тілін ғана емес, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуі керек деп санайтын Сапарбай аға Қазалы ауданындағы локомотив зауытының басшысы қызметін атқарған жылдары тіл үйренуді бастап, балаларын да осыған үндеді.
Әке тәрбиесі Әлішердің қазақ тілінің қайнарынан қанып ішуіне негіз қалады. Қазір орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген Әлішер үшін қазақтың бай тілінің орны бөлек.
Қазақ тілін білудің арқасында көптеген байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Аудандағы өзге ұлт өкілдерінің «Қазақ тілі – ғажап тіл», «Абайдың қара сөздері», «Ынтымағы жарасқан туған өлкем», «Тілге құрмет-ұлтқа құрмет» атты байқауларында топ жарды. Облыстық «Тілге құрмет - ұлтқа құрмет» атты өзге ұлт өкілдерінің мәнерлеп оқу сайысында да І орын биігінен көрініп, былтыр ұйымдастырылған «Мың бала» облыстық балалар байқауында ІІІ орын иеленді, республикалық байқаудың дипломанты атанды.
Қазыналы Қазалыда туып-өскен ол тұрып қазақ тілін әрбір өзге ұлт өкілдерінің парызы деп біледі.
Бекзат Әжімұрат,
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері