ОБЛЫСТЫҚ СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Қызылорда облыстық соты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында көптеген игі шаралар атқарылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Келісім-шарт жоғарғы оқу орны студенттерінің сот билігі ғимаратында өткізіліп жатқан көптеген істердің басы-қасында жүріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына негіз болды. Университет табалдырығын аттаған 1 курс студенттері үшін сот ғимаратында «Ашық есік күні» жиі өткізіліп тұрады. «Ашық есік күнінде» студенттер сот ғимаратын, ондағы мұражайды аралап, азаматтардың сот ғимараттарында болу тәртібі және соттағы соңғы жаңалықтармен, жалпы соттың күнделікті тыныс-тіршілігімен таныса алады.
Жуырда осындай «Ашық есік» күні «Құқықтану» факультетінің 1 курс студенттері үшін өтті. Шара барысында облыстық соттың судьясы Шолпан Маликова студенттерге соттардың атқаратын қызметі, оларға жүктелетін міндеттері туралы түсіндірді. Ал, облыстық соттың бас маман – сот отырысының хатшысы Азамат Сайджаппаров сот сатылары жайлы, істердің апелляциялық, кассациялық негізде қаралу тәртібін, «Сот кабинеті» сервисі және соттағы жаңа технологияларды таныстырып, сот мәжілісінің өткізілу барысын баяндап берді.
Одан кейін студенттер облыстық соттың оқу орталығы мен сот мәжілістері өтетін залдарды аралады. Сондай-ақ, сот мұражайындағы сот тарихынан сыр шертетін құжаттар, суреттер, соттың әртүрлі республикалық жарыстардан жетістіктері диплом, медальдарымен және мұражайда орналасқан құнды дүниелермен танысты.