АРУ ӘЙЕЛ – ӘЛЕМ СЫМБАТЫ
Көктемнің шуақты мерекесі 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Арал ауданының ардақты аналары мен қыз-келіншектері ерекше құрметке бөленді.
Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Ару әйел – әлем сымбаты» атты мерекелік кеште аудан әкімі М.Оразбаев барша аналар мен әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Одан әрі бірқатар еңбек ардагерлерін «Құрмет грамотасымен» және түрлі салада белсенділігімен көзге түскен нәзікжанды мамандарды арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.
Айта кетейік, әйелдер құрметіне арналған мерекелік кеште эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы және Дәурен Сейітжанов әннен шашу шашып, аудан өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.
Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі дерлік асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында өрбіп, әйелдер қауымын үлкен қуанышқа бөледі.