ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Сырдария ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир мәреге жетті. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстаннан 28 команда, 256 спортшы қатысты. Турнир швейцар жүйесі бойынша 14 жасқа дейінгі қыздар, ұлдар және әйелдер мен ерлер арасында 9 турда өткізілді.
Жарыстың марапаттау рәсімінде Дүниежүзілік және ҚР тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов пен аудан әкімі Ғанибек Қазантаев спортшыларды жеңістерімен құттықтап, сөз сөйледі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының бас бапкері, жарыстың бас төрешісі Айнұр Жақапбаева жеңімпаз, жүлдегер атанған спортшыларды марапаттады.
Турнирде «Ең жас ойыншы» номинациясына 7 жастағы Алматы облысының спортшысы Әдемі Әзімақын ие болса, «Тарлан ойыншы» номинациясымен 77 жастағы сырдариялық Тұрғанбай Болғанбайұлы марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Турнирде 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Балнұр Айжарық (Қызылорда) бірінші орын иеленсе, А.Салман (ОҚО), З.Әсібек (Қызылорда) екінші, үшінші орындарды бөлісті. Ұлдар арасында Дамир Ахметов (Қызылорда) топ жарып, Ж.Беркінбаев (ОҚО) екінші орын, Ж.Тұрақбай (Маңғыстау) үшінші орын тұғырына шықты. Әйелдер арасында бірінші орынды Диана Кенина (Ақтөбе) иеленді, екінші және үшінші орын М.Серікқызы (Ақтөбе) мен Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан Ә.Дәлиевада. Ерлерден Хәкімжан Елеусінов (Қызылорда) 1-орын, Ғалымжан Темірбаев (Астана) екінші орын, ал Белек Мәмбеталиев (Қырғызстан) үшінші орын алды.