АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Кезінде түрлі салада еңбек еткен ақ жаулықты аналар бүгінде елінің амандығын тілеп, ұрпағының жақсылығын көріп отырған тілеуқор әжеге айналды. Солардың бірі Арал қаласында тұратын 107 жастағы Күлмараш Ибайдуллаева.
Кеше аудан әкімі М.Оразбаев Күлмараш әжені 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен арнайы құттықтап, ғасыр жасаған ғибратты ғұмыр иесінің қолын алып, хал-жағдай сұрап, құрметін көрсетті.