ҚТЛ ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім-инновация лицейлерінің» толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдейді, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша ел азаматтарының алаңдамауларын сұрайды. «Білім-инновация лицейлері» жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады.
«Білім-инновация лицейлері» – жұртшылық арасында жоғары беделге ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылған.