КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев басшылық еткен қылмыстық топтың қызметін әшкерелеп, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Нұрабаев Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасау үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алып отыру мақсатында аса ірі қылмыстық жоспар құрған. "Бұл қылмыстық жоспарға Комитет төрағасының сенімді өкілі - орынбасары Н.Құрбанов. "Қазжерқойнауы" және "Оңтүстікқазжерқойнауы" өңіраралық департаменті басшылары А.Нұржаубай мен Е.Әділханов, "Казгеоинформ" МБ басшысы А.Өтегенов, Маңғыстау облыстық геология инспекциясының басшысы Б.Мутан, сондай-ақ, Комитеттің құрылым бөлімшелерінің басшылары тартылған", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Б.Нұрабаевтың сенімді өкілі М.Әбдрашевтің (сыныптасы) оның сыбайласы болған делінеді.
6 наурызда Б.Нұрабаев "Акмола Голд" ЖШС өкілінен мемлекеттік жер қойнауын зерттеуге келісімшарт жасасуға ықпал көрсеткені үшін кезекті рет 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Сонымен қатар, Б.Нұрабаев пен М.Әбдрашев пара ретінде 25 мың доллар болатын AUDI Q7 көлігі мен Шымкентте құны 25 мың доллар болатын 3 бөлмелі үй алған. Бұл мүліктер Әбдрашевтің ұлының атына жазылған. Сонымен қатар, оның "SKPetroleum" ЖШС өкілінен 20 мың доллар алғаны анықталған. Мұнымен бірге, ол Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарт жасасуда лоббилегені үшін тауар-материалдық құнды заттар алғаны анықталып отыр. Комитет басшысы алды делінген жалпы пара көлемі - 100 мың АҚШ доллары. "Сондай-ақ, Нұрабаев пен Құрбаев қызметтік өкілін асыра пайдаланып, құпия құжатты пайдаланып, үлестес кәсіпорындарға әлеуетті кен орындарын заңсыз тіркеген", - делінген Ұлттық бюро хабарламасында. Нұрабаев, Құрбанов және ұйымдасқан қылмыстық топтың 16 қатысушысы ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.