СЕЙСЕНБІДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Бүгін Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күндіз аз ғана жауын-шашын күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз көктайғақ, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұрқасын соғады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.